«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» ІС-ШАРАСЫ 900-ГЕ ЖУЫҚ БІЛІМ ОРДАЛАРЫН ҚАМТЫДЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Түркістан облысы аумағында да наурыз айының 11-мен 15-і күндері аралығында  оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатындағы шара жоғары деңгейде өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылады. «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасында 900-ге жуық оқу орындары қамтылды, кәмелетке толмаған 371 жасөспірімдерге құқықтық кеңес беріліп, көмек көрсетілді.Ішкі істер органдары бастамасымен құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде 197 кеңестер өткізілді. Кәмелетке толмағандар есебінде тұрғылықты мекен-жайы бойынша тұрған 500-ден астамы тексерілді. 523- қолайсыз отбасылар тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты 526 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтсақ; ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеужәне (немесе) оған білім беру, оның құқықтарымен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша 35ата-ана, 131-бап «Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу» бойынша 6, 434-бабы «Ұсақ бұзақылықпен» 28, 435-бап «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық»17,  440-бап «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келумен»14, 441-бап бойынша 32, 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы» бойынша 394жасөспірім анықталып, тиісті шаралар көрілді.

Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауын, түнгі сағат 22:00-ден кейін ересектерсіз сыртқа шығармауын ескертеді. Сондай-ақ, жасөспірім ұл-қыздарыңызбен жақын араласып, дос болуға кеңес береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *