АҚИҚАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН АҒАЙЫН, СОТ ТӨРАҒАСЫНА АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ 

Сайрам ауданының тұрғындары монша саламыз деп соттың алдынан бірақ шыққан. Мәселе бірнеше жылдан бері дауға айналып келген. Негізі оқиғаның төркіні 2015 жылы басталған. Яғни Сайрамдық И.Худайкулов пен А.Алимов, Р.Т. деген азаматшаның моншасын соғып беруге келісім жасап, жұмыстарын аяқтайды. Алайда арада шамамен бір ай өткен кезде, моншадан өрт шығып жанып кеткен. Осы кезде құрылысты жүргізгендердің үстінен арыз жазылып, материалдық шығынды өндіру үшін  Р.Т. деген азаматша Сайрам аудандық сотына жүгінген. Бірінші сатылы сот талап қоюшының арызын қанағаттандырып, жанып кеткен моншаның құнын аталған азаматтардан өндіру туралы шешім шығарған. Алайда, И.Худайкулов пен А.Алимов бұл шешімге наразылық білдіріп, Түркістан облыстық сотына апелляциялық шағым келтірген. Шағым облыстық сотта қаралып, аудандық соттың шешімін бұзылған.

«Облыстық соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары Түгел Бекімбетов, Серік Дзюлиев және Аймания Кульчиковалар істі жан-жақты және объективті түрде қарап, аудандық соттың шешімін бұзып, біздің кінәсіздігіміз дәлелденді. Мемлекет беделі соттың жұмысына тікелей байланысты. Сотқа адамдар еріккеннен емес, әділдік іздеп, араша сұрап келеді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда соттардың атқарып отырған жұмыстарының өте ауқымды екеніне осы жолы нақты көзіміз жетті.

Құрметті Талғат Қожанұлы, осы хат арқылы өзіміздің және отбасымыздың атынан жалпы сот жүйесіне, оның ішінде өзіңізге және Сіз басқарып отырған облыстық соттың судьяларына шексіз алғысымызды жеткізгіміз келеді», — деп алғыстарын білдіріпті хатта И.Худайкулов пен А.Алимов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *