Тайын үй ауласына арқандап кеткен Төлеби ауданының тұрғыны, қайта айналып келем дегенше көз жазып қалған. Полиция келіп түскен хабарлама бойынша қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, полицейлер жинақтаған ақпарат көздері арқылы қылмыстың «ізін суытпай» 5 сағат ішінде күдіктінің жеке-басын анықтады. Ол жәбірленушінің туған қарындасы, Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында анықталғаны күдікті ағасының үйінде жоқтығын пайдаланып, 1 бас тайды ұрлап алып шығып, 120 000 теңгеге келісіп, басқа біреуге сатып жіберген. Ақшаны өз қажеттілігіне жаратып үлгерген. Полицейлер жоғалған тайды тауып, тәркілеп алды және заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мал-мүліктеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше аулаңызды жарықтандырып, дабылқаққыш пен бейнебақылау камераларын орнатыңыздар деп кеңес береді. Сондай-ақ, төрт түліктеріңізге уақытылы ен салып, таңбалап отыру қажет екендігін айтады.