Жалған ақпарат таратып жауапқа тартылуда. Тергеуге алынған Сарыағаш ауданының тұрғыны, өз әрекетін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр. Ол «ватсап» арқылы аудиохабарлама жіберген
Яғни Келес АПБ-ның полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны жедел-іздестіру барысында анықтады. Тексеру барысында белгілі болғандай, желіде таралған аудиохабарламадағы әйел 10.03.2020 ж Мәскеу-Шымкент рейсімен Германиядан ұшып келді. Әуежайда оны медицина қызметкерлері қарсы алып, Шымкент қаласындағы пәтеріне үй жағдайындағы карантинге жатқызған. Қазіргі уақытта әйел амбулаториялық ем қабылдауда. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметінің мәліметінше сараптама тағайындалған, күдікті қолхатта