СУ СҰРАП КЕЛІП СӨМКЕСІН ТОНАП КЕТКЕН

Су сұрап келіп сөмке тонаған азамат ұсталды. Оқиға дәріханада орын алған. Полицияға арызданған  Сайрам ауданының тұрғыны банкомат карточкасымен, 125 000 теңге ақшасын алдырып қойғанын айтқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Бұдан бөлек, тағы бір тұрғын, әйел арыз түсіреді. Жәбірленушінің айтуынша, ол тіс емханасына келеді, содан киім ілгішке сырт киімімен сөмкесін қалдырып, ем алуға кіріп кетеді. Шыққанында сөмкесіндегі 10 000 теңге ақшасы жоқ болып шығады. Осы жайттар Сайрам аудандық полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Аталған ұрлық жайттарын ашу мақсатында аудандық полицейлер жедел әрекет етті. Қажетті шараларды жүргізді, куәгерлерден жауап алынды, бейнебақылау камералары тексерілді. Нәтижесінде екі ұрлықты да бір адам жасағаны белгілі болды, күдікті Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерден ұсталды. Ол Қызылорда қаласының тұрғыны болғанымен үнемі әр жерде пәтер жалдап, ұрлық жасап жүрген азамат болып шықты. Одан бөлек, күдікті бұдан алдын «Тонау», «Ұрлық» баптары бойынша 2,5 жылға сотталып келген. Одан шыққаннан кейінде қайта жасап, былтыр ұсталған. Дегенмен жәбірленушілердің кешірім беруімен іс қысқартылған көрінеді. Алайда, жеңіл жолмен ақша табуды әдетке айналдырған жас жігіт бұл жылы да қайта қалта ұрлықтарын жасап, Сайрам АПБ-нің қызметкерлерімен ұсталды. Күдікті қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің облыстың басқа да аудандарында жасаған қылмыстарын анықтауда. Әзірге полицейлердің әрекетімен күдіктінің 10 жайтқа жуық қалта ұрлығын жасағаны айқындалды. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз құнды заттарыңызға, ақшаларыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше сөмкелеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар, аузын ашық етіп ұстамаңыздар деп кеңес береді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *