Созақ ауданы Шолаққарған ауылында орналасқан кафесінің түнгі сағат 22:00-ден кейін тұрғындарды қабылдап, «Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 жылғы Жарлығының талаптарын өрескел бұзып, қызмет көрсетіп жатқаны анықталды. Аталған жайтты аудандық полицейлер тіркеп, кафе иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы “Төтенше жағдай режимiн бұзу“ бойынша хаттама түзіп, аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, 10 АЕК 26 510 теңге мөлшерде айыппұл салды. Облыс полицейлері ойын-сауық, сауда орталықтары мен кафе-бар, тойхана иелеріне ескертеді: төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше сақтық шараларын ескеріп, көп адам шоғырлануына жол бермеңіздер. Қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанған дұрыс. Ақпарат ТО ПД-нің баспасөз қызметінен алынды.
Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол 16-наурыздан бастап 15 сәуірге дейін созылады. Осыған сәйкес, Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері күшейтілген режимде қызмет жасауда. Яғни күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, төтенше жағдай режимінің сақталуын қадағалауда ұстауда.