ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Әр кәсіпкер, әр азамат өз саласы бойынша елге пайдалы жұмыс істеуі тиіс. Кәсіпкерлер мүмкіндігінше бағаны қолдан өсірмей, елдің жағдайымен санасқаны абзал. Бейсен Тәжібаев бұл мәлімдемені базарлардағы азық-түлік бағаларына жүргізілген мониторинг барысында жеткізді. Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ет, нан, күріштің бағасы қымбаттамағанын БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

Бейсен Тәжібаев

Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Тиісінше картоп, шекер және тауық еті сынды бірнеше тауар түрі сәл қымбаттаған. Жуырда министрлік тарапынан халық жиі тұтынатын азық-түлік өнімдеріне шектік баға қойылады. Бағаны өсірмеу үшін тұрақтандыру қорындағы өнімнің де маңызы зор. Біз мониторинг қортындысы бойынша әкімдік пен тиісті басқармаға ұсыныстар береміз. Тексеру барысында кәсіпкерлер бағаны өтірік төмендетіп қоймауы үшін мұндай тексеру жұмыстары ескертусіз әрі тұрақты жүретін болады. Партияның аудандық және қалалық филиалдары да сауда орындарында мониторинг жүргізіп жатыр.

Кәсіпкерлер болса, көтерме сауда жасайтын азаматтар мен өндірушілер тарапынан тауар бағасы сәл қымбаттап келіп жатқанын айтады. Бүгінде «Қуаныш» базарында жылқы еті 1900 теңге болса, сиыр мен қой еті де 1800-1900 теңге аралығында саудануда. Нан 60-70 теңге аралығында.  Яғни, баға өспеген. Ал картоп бағасы 140-150 теңгеге жеткен. Көкөніс пен тауық еті аздап қымбаттаған.

Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев бағаны бақылау бағытында мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүретінін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *