ТҮРКІСТАНДА МИЛЛИОНДАРДЫ ҚАЛТАСЫНА БАСҚАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Түркістан қаласында тұрғындарды 11 миллион теңгеге қарызға батырған күдікті әйел құрықталды.

Ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өз арызында белгісіз азаматшаның 1 миллион теңгеге несие алып беруге көндіріп, ақыр соңында бірнеше айдан соң төлемей қашып кеткендігін айтады. Ақшаны алып, қарызға батырып кеткен күдіктінің әрекетінен сан соғып қалған тұрғын бірден полицияның көмегіне жүгінеді.

Түркістан ҚПБ-ның полицейлері аталған жайтқа байланысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізді. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде, бірнеше күннен соң қалалық сақшылар алаяқтыққа күдікті әйелді анықтап, құрықтайды.

Полиция.кз-тің хабарлауынша ол осы қаланың тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай күдікті әйелге арызданған азаматшадан бөлек Түркістан қаласының тағы да 8 тұрғынын алдап, жалпы көлемі 11 миллионға жуық теңгені иемденгені белгілі болды. Аталған жайттардың барлығы тіркеуге алынып, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Күдікті әйел бүгінде қамауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *