Түркістан облысында түйе шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті артуда.
CAMEL GROUP LTD» ЖШС –гі тәулігіне 5 тонна түйе сүті қабылдауда. Түйе сүтін қабылдау бағасы 1000 теңгені құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорын 5 сүт қабылдау бекеттері арқылы 20 шаруа қожалықтарымен келісім шартқа отырған. Өмірзақ Естайұлының тікелей бастамасымен «Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді іс-шара жоспары» қабылданды. Нәтижесінде биылғы жылдың өзінде Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Созақ, Шардара аудандарында қосымша 3 962 аналық бас түйе сатып алынып, сүттің көлемі 14 250 тоннаға, яғни кәсіпорынның қуаттылығын 15 %-ға ұлғайтуға қол жеткізіледі.
Сондай-ақ, кәсіпорын «1000 басқа арналған сауынды түйе кешенін салу» жобасын іске асыруды қолға алды. Жобаны іске асыруға Кентау қаласы және Бәйдібек, Созақ, Отырар аудандарынан жер телімдері қарастырылуда.
Жуырда ғана «GOLDEN CAMEL GROUP LTD» ЖШС-нің Қытай Халық Республикасына алғашқы түйе сүтінен дайындалған 13 тонна дайын ұнтақ өнімін экспортқа шығару іс-шарасы өтті.
Жалпы өңірде түйе шаруашылығын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары нәтижелі жүзеге асырылуда.