Шымкентте алаяқтықтың сегіз жайтына қатысы бар күдікті қыз қолға түсті. Ол қала тұрғындарынан телефондарын сұрап, қашып кетіп жүрген. Жәбірленушілердің арыздары бойынша полиция жедел іс-шаралар жүргізіп, оның жеке басын анықтап, ұстады. Polisia.kz –тің хабарлауынша белгісіз бағытта жасырынып жүрген бойжеткен, Шымкент қаласының 24 жасар тұрғыны болып шықты. Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша айыптау актісімен бірге сотқа жолданды.