Кезекті рейд барысында Мақтаарал ауданы Жаңаауыл әкімшілігіне қарасты ауылдардың бірінде келін түсіріп, беташар жасап, туыстарын жинаған тұрғын анықталды. Полицейлер, төтенше жағдайға қарамастан той жасаған тұрғынды жауапқа тартты. «ҚР Президентінің 2020 жылғы 15-наурыздағы Жарлығының талаптарын өрескел бұзған аталмыш тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы “Төтенше жағдай режимiн бұзу“ бойынша хаттама түзіліп, аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, айыппұл салды. Түркістан облысы полицейлері ойын-сауық, сауда орталықтары мен кафе-бар, тойхана иелеріне ескертеді: төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше көп адам шоғырлануына жол бермеңіздер. Бұл өзіңіздің де, өзгелердің де денсаулықтарыңыз үшін дұрыс болмақ.
Қазақстанда төтенше жағдай режимі 16-наурыздан бастап 15-сәуірге дейін енгізілгені барлығына дерлік белгілі. Десекте тұрғындар тарапынан әлі де болса мұны сезінбей, біршама адамның басын қосып той жасау жайттары орын алуда.