ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ПӘТЕР ТОНАУШЫНЫ АНЫҚТАДЫ

Киелі қалада баспанасы тоналғандар, тәртіп сақшыларынан көмек сұрады. Ақша мен алтын бұйымдарын ұрлатқандар көп. Үйінен бағалы заттарын алдыртып қойған 10-нан астам қала тұрғындары полицияға шағым түсірген. Бір ғана жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 900 000 теңгені құрайды.

Кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, куәгерлерден жауап алынған. Сондай-ақ бейнебақылау камералары мен ұрланған заттарды сатып алатын Нәтижесінде Түркістан ҚПБ қызметкерлері күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Қазір тергеу барысында ұсталған азаматтың 10-нан астам пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Күдікті үй иесінің жоқтығын пайдалана отырып, сыртқы есіктері немесе терезе жақтауларын ашу арқылы жәбірленушілердің үйіне кіріп, ақша, тұрмыстық техника, алтын бұйымдар мен басқа да бағалы заттарды ұрлап отырғаны белгілі болды.

Полиция.кз-тің хабарлауынша ұрланған мүлікті одан әрі базарларда сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұсталған күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *