Мақтаарал АПБ-не Атакент кентіндегі орталық аурухананың бас дәрігерінен «Ватцап» әлеуметтік желісі арқылы «Атакентте Коронавирус» анықталды» деген жалған ақпарат тарап жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында тәртіп сақшылары, таралып жатқан аудиожазбада «Кореядан келген азаматтың аталған вирусты жұқтырғаны, сондықтан балаларыңызды балабақшаға жібермеңіздер, сақтаныңыздар» деген дыбыс жазылғанын айқындады. Мақтаарал ауданының полицейлері елді дүрліктіріп, осындай жалған ақпарат таратушы әйелді анықтау мақсатында қажетті шараларды қолдана отырып, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер «Ватцап» арқылы өтірік қауесет таратқан белгісіз жанның жеке-басын анықтады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Бас шарасы «қолхатта». ТО ПД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше аталған жайт Мақтаарал АПБ-мен ҚР ҚК-нің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.