ШАРДАРАДА ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Шардаралық полицейлер 300 келі заңсыз балық аулаған күдіктілерді ұстады. Яғни, жергілікті Шардара су қоймасының маңынан заңсыз балық аулаған Жетісай ауданының екі тұрғыны құрықталды. Тәртіп сақшылары күдіктілерден айғақты зат ретінде 300 келі балық, қайық пен балық аулауға арналған торды тәркіледі. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы «балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Полиция.кз-тің хабарлауынша қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері балық ресурстарын заңсыз аулау саласындағы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *