ҚАУІПТІ ДЕРТТЕН ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

«Жаннатул Фердауси» қайырымдылық қоры Шымкент Орталық мешітімен бірлесіп төтенше жағдайда қала тұрғындарына қауіпті дерттен қорғану құралдарын тегін таратты.

500-ге жуық азаматқа «COVID-19»-дан сақтану нұсқаулықтары, дұғалар мен 500 дана медициналық бетперде үлестірілді. Қорғаныш маскалар мәрлі және қалың матадан тігілген. Медициналық бетперделерді ұзақ уақыт қолдануға да болады.

Осылайша жаһанда коронавирус індеті тарап, әлем қиын-қыстау заманды бастан кешіп жатқанда, әр ел өз халқына қолдау көрсетіп жатыр.

Бұл күндер де өтер. Қандай қиындық болса да бірігіп жеңуді нәсіп етсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *