ТУРИСТІК НЫСАНДАРДА САЯХАТ ЖАСАУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ

Түркістан облысының туристік нысандарына саяхат жасау уақытша тоқтатылды. Бұл ең алдымен халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау және вирустың таралуының алдын алу үшін жасалып отырған шара.

Түркістан облысы — республика бойынша тарихи-мәдени орынға бай өңірлердің бірі. Мұнда 1600-ден аса тарихи және мәдени ескерткіштер бар.

Облыс аумағы тарихи нысандармен қатар, тылсым табиғатқа ие.

Қаратау және Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорықтары, Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі, Сырдария-Түркістан табиғи аумақтық паркі экотуризмнің басты нысаны ғана емес, ерекше қорғауға алынған.

Коронавирус инфекциясының кең таралмауының алдын алу мақсатында қонақүйлер мен мейрамханалар, хостелдер, тамақтану орындары, шипажайлар және басқа да халықтың көп шоғырланатын, туристік сервис ұсынылатын орындарда қатаң түрде санитарлық нормаға сай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *