ШЫМКЕНТТЕ ЖАСӨСПІРІМДІ МЕРТ ҚЫЛҒАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ҰСТАЛДЫ

Шымкент қаласының полицейлері кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен автокөлікті тапты. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, 2020 жылдың 26 наурызында №9 учаскелік тірек пунктінің учаскелік инспекторы Нұрбол Төреқұлов көрші әкімшілік учаскеде – Құрсай ш/а-да жасалған жол–көлік оқиғасы туралы хабарлама алады. Онда “Opel-Vektra” маркалы автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Нәтижесінде кәмелет жасқа толмаған жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.

Учаскелік инспектор тез арада аталған автокөлікті іздестіруге кірісіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қайғылы жағдайға қатысы бар автокөлік пен оның жүргізушісін ізін суытпай анықтады. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 345 және 347 бабтары бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *