ЗАҢСЫЗ ҚАРУ САҚТАҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен аң-құстардың жойылмауы үшін ұдайы тексеру жұмыстарын жасайды. Кезекті рейдте Созақ АПБ-нің табиғатты қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Жомарт Атабаев «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз қару сақтағандарды анықтады. Нақтырақ айтсақ, «Қаратау» тауының «Борсылдақ» сайында екі азаматтың қару асынып жүргенін байқайды. Полицей мен қорықшыларды көрген азаматтар қашуға тырысқан. Дегенмен табиғатты қорғаушылар тез әрекет етіп, әлгі азаматтарды ұстайды. Алайда, олар асынған қаруларын жасырып үлгерген. Өз істерінің шеберлері, кәсіби мамандардың қырағылығы арқасында тау-тастың арасына жасырылған қарулар табылды.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді. Күдіктілерден айғақты зат ретінде заңсыз сақталған 2 атыс қаруы оқтарымен, аңшы пышағы анықталып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Тіркелмеген қару асынған азаматтар өз кінәларын толық мойындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *