Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай бойынша Түркістан облысы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам бар. Барлығы Жетісай ауданының тұрғындары. Бүгінде науқастар дәрігерлер бақылауына алынып, жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.
Нұрбек Садықбекұлы: Түркістан облысының бас санитариялық дәрігері
«31-наурыз күні 1-пациенттің коронавирус індетін жұқтырғаны тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласынан келген бұл науқаспен байланыста болған адамдарды тексеру барысында, тағы 3 отбасы мүшесінің сараптамасы оң нәтиже берді. Сонымен қатар, Алматы қаласынан келген 1 азаматта COVID-19 сараптамасы оң қорытынды берді. Қазіргі таңда науқастар дәрігер бақылауына алынып, жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Қарым-қатынаста болған барлық адамға стационарлық оқшаулау шаралары жүргізілді. Тиісті хаттамаға сәйкес, емдік шаралар жасалынуда»
Бұдан өзге, 31-наурыз күні науқас тұрған үй-жайларды дезинфекциялау және санитарлық өңдеу шаралары өткізілді. 31-наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас Жетісай аудандық орталық ауруханасында ем алуда. Науқаспен жақын қарым-қатынаста болған анықталуда.
Облыста 2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Covid -19 коронавирустық инфекциядан қолайсыз елдерден келген 495 адам мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде 1 «а» санатындағы елдерден келгені — 9 адам, 1 «б» санатындағы елдерден келгені — 486 адам бар.