ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТОЙ ЖАСАУШЫЛАР ЖАЗАЛАНДЫ

Әлеуметтік желілерде мессенджер-ватцап арқылы «Жетісай қаласында төтенше жағдайға қарамастан той болып жатыр» деген бейнежазба таралған болатын.Аталған жайт бойынша Жетісай аудандық полицейлері тез арада тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәлі азаматтар айқындалды. Осы дерек ҚР ҚК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша тіркеліп, тойхананың егесі мен той жасаушы тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *