ЗАҢҒА БАҒЫНБАҒАН КАФЕ ИЕСІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Короновирустың таралуына жол бермей, алдын алуға бағытталған іс-шаралар жалғасуда. Кезекті рейд барысында Арыс АПБ-нің қызметкерлері заң бұзғандарды анықтады.  Тәртіп сақшылары түнгі уақытта адамдардың көп шоғырланып, топтасуын алдын алды. Яғни туған күн, кішігірім отырыстар болатын кафе-барларды тексергенде олқылықтарды байқаған.  Мәселен, Арыс қаласындағы белгілі сауда орталығында орналасқан кафе сағат түнгі 22:00-ден кейін жұмыс істеп, тұрғындарға қызмет көрсетіп отырғаны белгілі болды. Аталған жайтқа байланысты Арыс аудандық полиция бөлімінің полицейлері «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша хаттамалар толтырды.

ҚР Президенті қаулысымен ағымдағы жылдың 16 наурызы мен 15 сәуір күндері аралығында елімізде төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған орай Түркістан облысының полицейлері күшейтілген режимде жұмыстар жүргізуде.Соның арқасында тәртіп сақшылары төтенше жағдай режимін бұзудың 70-тен астам жайтын анықтаған. Құқық бұзушыларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 17-сі әкімшілік қамауға алынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *