ӘЖЕТХАНА ШАТЫРЫНА ЕСІРТКІ ЖАСЫРҒАН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ

Шаян ауылың тұрғыны «марихуана» есірткі затын сақтап, қолданатын көрінеді. Бәйдібек аудандық полиция бөліміне, жергілікті тұрғыннан осындай хабарлама түскен. Бұл туралы Түркістан Облысы ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікке ілінген азаматтың тұрғын-үйінің алдында орналасқан әжетханасының шатырының астынан  пакетке оралған қоңыр сары түсті, хош иісті ұнтақталған есірткі затына ұқсас «кептірілген өсімдік» табылды. Полицейлердің қырағылығы мен кәсіби шеберлігі арқасында табылған зат айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес хош иісті зат «кептірілген марихуана» болып шықты. Салмағы 40 граммнан асты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Түркістан облысы полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолданып, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқықбұзушылыққа өзіне сәкес шара көрілетінін ескертеді. Ғасыр індетін қолдану, бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға қауіпті екенін айтып, салауатты өмір салтын қолданып жүруге кеңес береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *