Еуропалық одақтың тағам азығының қауіпсіздігі жөніндегі басқармасы (EFSA) алдағы бірнеше апта ішінде тағам құрты, ұнмен қоректенетін ұсақ құрт, шегіртке және шілделік (қара шегіртке) секілді жәндіктерді адам тұтынатын тағамдар қатарына кіргізуді көздеп отыр. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Егер бұл бағытта тиісті қаулы қабылданса, күзе салым жәндіктерден дайындалған тағам күллі Еуропа аумағында саудаға шығарылуына рұқсат беріледі. Жәндіктер индустриясының жетекші ойыншыларының айтуынша, жәндіктер ақуызы мол деликатес болғанымен Еуропалық одақта оны тағам ретінде пайдалануға рұқсат берілмей келген. Ұлыбритания, Нидерланды, Белгия, Дания және Финляндия осы жылға дейін азық ретінде тұтынылып келген азық-түлікті одан ары тұтыну үшін жаңа рұқсат алуды талап ететін 1997 жылғы ЕО заңына қатысты рұқсат алу тетіктерін қарастырып келген болатын. Аталмыш ұлттық реттеуші орган шешімі бойынша ЕО заңнамасында тағамды дайындауда пайдаланылатын жануарларды тұтыну қарастырылмаған еді. Соған қарамастан жәндіктерден дайындалған азық түрлері Британия, Голландия, Белгия, Финляндия супермаркеттерінің сөрелерінде тұрды. Жыл сайын жәндіктерден адам тұтынуға жарайтын 500 тоннаға тарта тағам өндіріледі. Десе де жәндіктерден дайындалған тағамдарға ЕО-ның кей елдерінде, атап айтқанда, Францияда, Италияда және Испанияда, т.б. тыйым салынған. 2018 жылы ЕО заңнамасын жәндіктерді тағам ретінде пайдалану мәселесін нақтылай түсуі тиіс болатын. Жәндіктерден тағам дайындайтын компанияларға мұндай тағамдардың қауіпсіздігіне қатысты ЕО тарапынан түпкілікті рұқсат берілгенше жұмыс істей беруіне мұрсат берілген болатын. Оның үстіне, жәндіктерден тағам дайындау ісі бұрыннан бар болғанымен ЕО-ның бұл тәжірибеге біржола тыйым салмауының әрі осы уақытқа дейін тиісті рұқсат бермей «ұзын арқау, кең тұсауға» салып келуінің астарында азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты мәселе жатыр еді. Атап айтқанда, жылдан жылға адамзат қарасының көбейіп келе жатуына байланысты тұтынуға жарамды барлық ресурсты пайдалану күн тәртібіне өткір қойылмаса да болашақта аталмыш мәселені шешу кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналмақ. Яғни, азық-түлік қауіпсіздігі стратегиялық мәнге ие.
Ақпарат www.islam.kz сайтынан алынды