Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысқан мекеменің иесін құрықтады. Ол клиенттерге жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсетуін ұйымдастырып, үстінен сыйақы алып жүрген. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер оқиға орнынан ақша тәркіледі. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері тексеру барысында жеңіл жүрісті 6 қызды анықтады. Олардың Өзбекстан Республикасының азаматшалары екені белгілі болып, Түркістан қаласының азаматтарды қабылдап тарату орнына қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша «Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда істің толық мән-жайын анықтауда.