ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ЖАНАЗАДА ҰРЛЫҚ ЖАСАДЫ

Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, ол Қазығұрт ауданына туысының жаназасына келген. Осы кезде отырған жерінде ұялы телефонын қалдырып кетіп, қайта үйге кірген кезде телефоны болмай шыққан.  Құранға келіп, телефонынан айырылған әйелге көмектесіп, қылмысты ашу мақсатында полицейлер тарапынан барлық қажетті іс-шаралар іске асырылды. Ұялы телефонның жеке кодтары бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер 2 күн ішінде күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жергілікті тұрғын, егде жастағы әйел болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әйел иесі ұмытып қалдырып кеткен телефонды жасырын алып, сатып жіберген. Ақшасын өз пайдасына жаратқан. Полицейлер жоғалған телефонды айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт Қазығұрт АПБ-мен тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *