2020 жылы 8 сәуір күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын жариялады. Ел тәуелсіздік алғаннан бастап, қазақ елінің тәуелсіздігін жариялап, тәуелсіздіктің негізін қалауға атсалысып, небір қиын-қыстау кезеңдерде елінің жанынан табылып, тәуелсіздік тұғырының берік орнауына ширек ғұмырын арнаған Елбасымыз, ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев әлемде орынған алған және қазіргі уақытта біздің елімізде де белең алып отырған індет – коронавирустың елге тигізіп жатқан зардабына қатты қаймығып, елімен үнемі бірге екенін көрсетіп, бізді, ұстаздар қауымын қатты тебірентті. Елбасымыз өз мақаласында: «Тәуелсіздіктің ең алғашқы күндерінен бастап мен ұлы Абай атамыздың «Кімге достығың болса, достық достық шақырады» деген дана қағидасын басшылыққа алып, әлемнің барлық мемлекетімен арадағы келісім мен достыққа, өзара сенім мен ықпалдастыққа негізделген саясат ұстандым. Егемендіктің бастапқы жылдарында іргелес елдердің бәрімен тату қарым-қатынас орнатып, шекара мәселесін түбегейлі шешкеннен кейін түрлі деңгейдегі ынтымақтастық ұйымдарын құруға бастамашы болғанымның басты себебі де сол еді» — деп атап көрсеткендей, біз үшін де мемлекетаралық келісім, ынтымақ маңызды, елімізде бейбітшілік, тыныштықты сақтап қалуға тырысып, арандату, үрей туғызу сияқты жағымсыз іс-әркеттерден бойымызды аулақ ұстап, елді сабырға шақырып, елді бірлікке шақырып, сын сағатта дана қазақ айтқандай: «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», қиындықтан бірге шығуға шақырамын.
Елбасымыздың үнемі «мәңгілік елдің» дамуы, гүлденуі және әлемнің озық 30 бәсекеге қабілетті елінің қатарында көрінуі үшін жасаған ерен еңбегімен ел есінде екенін айта келе және оның жыл сайын халыққа арнаған Жолдаулары да еліміздің барлық салада дамуының бағдары іспеттес болып келді десек, қателеспейміз. Аталған мақала да – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ел қамын ойлайтын көреген, дана саясаткер екенінің тағы бір айқын дәлелі. Елбасымыз осындай сын сағатта қолына қалам алып, елін тағы да қиындықтан шығу жолында біріге отырып, әрекет етуге шақырып, нақты мақсаттармен бірге өзінің ақыл-кеңестерін ұсынып отырғанына шын ризашылық сезіммен қолдай отырып, әріптестерімді, яғни, ұстаздар қауымын ел басына түскен қиын кезеңде өз азаматтық парыздарыңызға берік болып, кәсіби міндеттеріңізді адал да абыроймен атқарып, қазақ елі үшін бірлікте белсене әрекет етуге, дұрыс идеология қалыптастыруға аянбай ат салысуға шақырамын.
Шымкент қаласы №90 жалпы орта білім беретін мектеп директоры А.Ш.Орынбеков