АҚШ КОРОНАВИРУСТАН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР САНЫ БОЙЫНША ӘЛЕМДЕ ЕКІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ  

Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша АҚШ әлемдегі коронавирустың құрбандарының саны бойынша Испанияны басып озып, екінші орынға шықты-деп хабарлайды РИА Новости.

Яғни, АҚШ-тағы COVID-19 құрбандарының саны Мәскеу уақытымен 6.37-де 14 817 құраған, ал Испанияда 14 792 адам қайтыс болды. Коронавирустың  құрбандары Италияда — 17,669 болып тіркелді.

Университеттің мәліметі бойынша, әлемде коронавирустан 88 538 адам қайтыс болған. Әлемдегі COVID-19 жағдайы туралы соңғы мәліметтер stopkoronavirus.ru порталында ұсынылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *