DAZN ГОЛОВКИННІҢ ҮЗДІК БЕС ЖЕТІСТІГІН АТАДЫ

DAZN стриминг сервисі орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) 38 жасқа толуымен құттықтап, оның карьерасындағы үздік бес жетістікті еске түсірді, — деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Головкиннің үздік бес жетістігі қатарына платформа мыналарды қосты: Олимпиаданың күміс медалі, 2008-2017 жылдар арасында 23 нокауттан тұратын серия, орта салмақта бұрынғы біріккен әлем чемпионы, титулын 20 рет сәтті қорғау, орта салмақ тарихында ең үлкен нокауттар пайызы (89,5 пайыз).

Платформаға Головкин былтыр келген еді. Сол кезде алты жекпе-жек өткізуге қол қойған болатын. DAZN-дағы дебютінде былтыр маусымда канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген. Ал қазанда украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі белбеу иеленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *