Түркістан облысы бойынша қаржыландырудың барлық көздері арқылы 670 мың шаршы метр баспана тапсыру жоспарлануда. Бұл 6 мыңға жуық пәтер. Мәселен, 2020 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысымен 783 пәтер пайдалануға берілген.
Сонымен қатар, бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша биыл облыста 30 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 28 нысан пайдалануға тапсырылады.
Ал, облыс орталығы Түркістан қаласында мемлекеттік бюджет есебінен кредиттік 88 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, жыл соңында оның 24-і пайдалануға тапсырылады. Бұдан бөлек, жеке салымшылар тарапынан 37 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін 31 үй пайдалануға тапсырылады. Жалпы облыс орталығында биыл 2592 пәтер пайдалануға беріледі.