ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ БЛОК-ПОСТТА ТҰРҒАН ПОЛИЦЕЙГЕ КҮШ ҚОЛДАНҒАН

Оқиға Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент кентіне қойылған блок бекетінде орын алған. Қызметтiк мiндетiн атқарып тұрған полиция қызметкеріне жергілікті тұрғын мас халде келіп, ескертуге құлақ аспаған. Яғни тыйым салынған аумаққа кіруге ұмтылған. Ол онысымен қоймай тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбаушылық танытып, көпшіліктің көзінше жария түрде, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып қорлаған. Сондай-ақ қызметтік міндетін атқарып тұрғанына қарамастан кеуде тұсынан қолымен ұрып-соғып, дене жарақатын салған.

Аталған жайт, ҚР ҚК-нің 380 бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тұрғын қамауға алынды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *