ТҮРКІСТАНДА 1 МЛН. ШАРШЫ МЕТРГЕ ЖУЫҚ АУМАҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында дезинфекциялық режим күшейтілді. Тек облыс орталығының өзінде бүгінге дейін 1 млн. шаршы метрге жуық жер, яғни, 557 нысан толық тазаланып, залалсыздандырылған. Жолдар, аяқжолдар, аялдамалар, сауда дүкендерінің сыртқы аймақтарында дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Түркістан облыстық тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, бұл аумақтар арнайы нұсқаулықтан өткен дезбригадалар көмегімен арнайы ерітіндімен жуылады, залалсыздандырылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қорғану киімдерін киген арнайы топ жүзеге асыруда. Олардың қатарында ерікті сарбаздардан арнайы жасақталған әскерилер де бар. Осы мақсатта Түркістан қаласының аумағы 17 секторға бөлінді. Осылайша, шаһардағы залалсыздандыру жұмыстарының көлемі мен нысандары нақтыланды. 4 арнайы рұқсаты бар дезинфекциялау бөлімдері Түркістандағы барлық нысандарда жаппай тазарту жұмыстарын жүргізуде. Автобус аялдамаларын арнайы нұсқаулықтан өткен дезбригадалар залалсыздандыруда.

Қалааралық жолаушылар тасымалдау, қалалық қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылды. Тұрғын үйлердің кіреберістері мен аулаларын кестеге сәйкес тазалануда. Дезинфекция жүргізу кезінде адам денсаулығына зиян келтірмеу үшін өңдеуден дейін 5 сағат ішінде көшеге шығуға тиым салынады.

Төтенше жағдай мен енгізілген карантин ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық аудандарда арнайы мобильді топтар құрылды. Тұрғындардың өтініштері аудан әкімдіктерінде ашылған бірыңғай байланыс желісі не облыстық call-орталықтың 109 нөмірі арқылы қабылдануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *