КЕНТАУДА КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАМАҒАН 18 АЗАМАТ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Кентау қаласында карантин режимін сақтамай, көшеде себепсіз жүрген азаматтардың 6-уы соттың шешімімен 5 тәулікке қамауға алынса, 7 азаматқа ескерту берілді. Ал, 4 азаматқа айыппұл салынған. Қалған тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар нақты шешім шығарылу үшін сотқа жолданды. Тәртіп сақшылары тұрғындар мен қонақтарға енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды және төтенше жағдай кезінде бекітілген карантин талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Аса қажеттілік туындамаса үйден шықпаңыздар. Үйден шықпай сақтанғандарыңыз, бірінші кезекте өз денсаулықтарыңыздың кепілі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 18-сәуірден бастап Түркістан облысының барлық аумағында карантин енгізілді. Осы тұста, облыс полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдай режимін бұзуға жол бермеуді тұрақты бақылауда алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *