РЕСЕЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ МИШУСТИН КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннен коронавирус жұқтырды. Премьер вирус жұқтырғаны туралы президент Владимир Путинге бейнебайланыс режимінде өткен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мишустин өзін оқшаулау режимін сақтайтынын мәлімдеді. Осы уақыт аралығында үкімет басшысының міндетін атқарушы болып бірінші вице-премьер Андрей Белоусовты тағайындауды ұсынды. Сонымен қатар, Мишустин Путинге үкімет белсенді жұмысты жалғастыратынын және өзі де байланыста болатынын айтып сендірді.

Өз кезегінде Путин Мишустинге тез арада сауығып кетуін тілеп, Белоусовты премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындау ұсынысымен келісетінін айтты. Тиісті жарлыққа қол қойылды.

Ресейлік шенеуніктер арасында коронавирус жұқтыру туралы бір ғана жағдай ресми түрде расталды. Ал бұдан алдын Бпрф-дан мемлекеттік Дума депутаттар Дмитрий Новиков пен Леонид Калашников инфекцияны жұқтырғаны туралы  белгілі болған еді.

Дегенмен, екі депутаттың айтуынша, коронавирусқа жасалған талдау теріс болған. Оларға компьютерлік томография арқылы диагноз қойылды.

Калашников температурасы жоғары екенін айтса, Новиков дене қызуы жоғын айтқан еді. Қазір екеуі де ауруханаларда. Депутаттар өз жүргізушілерінен жұқтырғанын айтты.

«Интерфакс» дереккөзінің мәліметтері бойынша, Мемлекеттік Думада коронавирус ауруханасына депутаттардың кем дегенде төрт жүргізушісі түскен.

Наурыз айының соңында және сәуір айының ортасында Мемдумда депутаттар коронавирусқа жаппай тексеру жүргізді, бірақ инфекция жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *