ӨЗБЕКСТАНДА ОНЛАЙН ЕМХАНА АШЫЛДЫ

Интернет-портал Өзбекстан астанасы Ташкенте құрылды. Бұл туралы «Хабар 24»телеарнасы хабарлады.
«Дәрігерден сұра» деп аталатын жаңалық медицина қызметкерінің қабылдауына үйден шықпай-ақ баруға мүмкіндік береді. Онлайн емхана карантинде үйде жатқан жұртқа өте тиімді. Өйткені қала тұрғындарына себепсіз көшеге шығуға тыйым салынған. Ал денсаулығың сыр берген кезде, оның себебін білу үшін енді медициналық мекемеге барудың қажеті жоқ. «Дәрігерден сұра» деп аталатын интернет-порталға тіркеліп, керек маманды таңдайсың. Дертке дауа іздеген тұрғындар дәрігерлермен чат, аудио және бейнебайланыс арқылы тілдеді. Бір айта кетерлігі, медицина қызметкерлері науқасты онлайн емдеуден аулақ. Тек олардың жағдайын жақсарту үшін ақыл-кеңес қана береді. «Үйде былай емделіңдер, мынадай дәрі егіңдер деп ақыл айтып отырғанымыз жоқ. Біз әр науқаспен сөйлесіп, оның қандай аурумен ауырғанын сұрап, белгілерін анықтауға тырысамыз. Сөйтіп сырқаттың өршіп кетпеуі үшін кеңес береміз» дейді дәрігер Шерзод Рузиев.
Әзірге 200 медицина маманы өзбек һәм орыс тілдерінде ақыл-кеңес береді. Әрқайсысы күніне шамамен 20-ға тарта адамды қабылдайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *