МАҚТААРАЛДА СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.
Жалпы 6128 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан болатын. Олар: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық ауылдары. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су басу қаупі төмендеген. Атап айтқанда, 5 мамыр күнгі дерек бойынша Жеңіс елдімекенінде су деңгейі 2 см-ге төмендеген. Жаңатұрмыс ауылында бұл көрсеткіш 3 сантиметрге, Өргебас ауылының кіре берісінде 6 см-ге азайған. Арай елдімекенінде 4 см-ге азайған», деп мәлімдеді С. Қалқаманов.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары 6 мамырдан бастап эвакуациялық пункттегі балалар сабақтарын қашықтан оқитын болатынын жеткізді. Бұл ретте білім басқармасы оқулықтар мен оқу құралдары тиелген жүк көлігін Мақтааралға жіберген.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданы аумағынан ағын суды тез арада шығару мақсатында Өзбекстан Республикасы тарапынан Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінің маңынан «Орталық бетпақдала коллекторы» арқылы автожол көпірін айналып өтетін канал қазылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *