МАҚТААРАЛДА СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕЙ БАСТАДЫ

Мақтаарал ауданындағы су деңгейі 4 мамырмен салыстырғанда төмендей бастады. Атап айтқанда, Жеңіс және Жантақсай ауылдарында су 14 см-ге, Жаңатұрмыс елдімекенінде 17 см-ге төмендеген. Сондай-ақ, Өргебас ауылының кіре берісінде 11 см, К-15-9 А каналының маңында – 13 см, Арай елдімекенінің көпірі алдындағы су деңгейі 6 см-ге азайды.

Қызыл су көлемі Шұғыла ауылындағы ВС-12 коллекторының бас жағында 0,05 см, Нұрлы жол ауылының М-39 автомобиль жолы жанындағы К-15-М-А каналында 8 см-ге, осы ауылдың маңында орналасқан ЦГК арнасында 5 см-ге төмендеді. Бұдан бөлек, Қоғалы ауылында су 9 сағат ішінде 3 см-ге, коллектор орналасқан аймақта 2 см-ге азайған.

Айта кету керек облыс әкімінің орынбасары 6 мамырдан бастап эвакуациялық пункттегі балалар сабақтарын қашықтан оқитын болатынын жеткізді. Бұл ретте білім басқармасы оқулықтар мен оқу құралдары тиелген жүк көлігін Мақтааралға жіберген.
Мақтаарал ауданы аумағынан ағын суды тез арада шығару мақсатында Өзбекстан Республикасы тарапынан Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінің маңынан «Орталық бетпақдала коллекторы» арқылы автожол көпірін айналып өтетін канал қазылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *