2020 жылдың 5 мамыр күні Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдаймен күреске қосымша күш тартылуда. Осыған байланысты Түркістан облысынан 55 қызметкер 21 мотопомпа, 6 техника алдырылса, ал Жамбыл облысынан 50 маман, 8 техника, 3 қайық, 15 мотопомпа келген. Шымкент қаласынан 40 адам, 8 техника, 10 мотопомпа, 2 қайық жұмылдырылып отыр және Қызылорда облысынан 45 қызметкер, 6 техника, 4 қайық, 10 мотопомпа келді. Сондай-ақ Алматы қаласынан Ұлттық Гвардияның 28237 әскери бөлімінен 160 маман, 15 техника Мақтааралға жолға шықты. Оқиға орнында жалпы жиыны жеке құрамның 350 қызметкері, 43 техника, 9 жүзу құралы, 56 мотопомпа жұмыс істемек. Атап өткен жөн жалпы 2 мамырда шұғыл түрде Мақтаарал ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, жедел штаб құрылған болатын. Авариялық-құтқару жұмыстарын өз деңгейінде жүргізу үшін 986 адам тартылған. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара жұмыла іске ікірскен азаматтар, апаттың бетін қайтаруға барын салуда. Сонымен қатар, 10 дана жүзу құрылғысы мен 180 дана техника арнайы жұмылдырылып отыр.