МАҚТААРАЛДЫҚТАР ЕЛГЕ АЛҒЫС АЙТУДА

Мақтаарал ауданындағы эвакуация орындарындағы 3 мыңнан астам адамның бүгінгі жай-күйі бірқалыпты. Олардың барлығы медициналық тексерістен өткізіліп, жатын орын менкөрпе-төсекпен тегіс қамтылған. Тұрғындарға күніне үш мезгіл тамақ үлестірілуде. Азық-түлік пен жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті керек-жарақтың бәрі жеткізіліп берілуде. Барлық аудандарындан жеткізіліп жатқан көмек төтенше жағдайға байланысты жасақталған орталық қоймада сақталады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Эвакуация орындарда, яғни, мектептер мен колледж, мешіттерде орналасқан тұрғындар осындай қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып жатқан мемлекет басшылығына, үкіметке, облыс, аудан басшылықтарына және барлық қазақстандықтарға шынайы алғыстарын айтуда. Топан судан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Өргебас және Достық ауылдарының 6 127 тұрғынына жан — жақты көмек көрсетілуде. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Фирдоуси ауылының тұрғындары тасқын судың беті қайтып, су астында қалған үй-жай мен мал-мүліктері және егістік алқаптарының шығындары өтелетіндігін де естіп қуануда. «Шығын өтеледі, деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев. Оны осында тұрып жатқан барлығымыз естіп, көңіліміз орнына түсті. Үйіміздің орнына үй салынса, егістікке жұмсаған шығындар өтелсе, ел риза. Күн жылы, күтеміз. Қасақана жасалған іс емес. Оны көзбен көріп отырған соң, көнеміз. Құрылыс басталса, өзіміз басында жүреміз, деп қуанып жүрміз. Ел аман болсын. Көмек жіберіп жатқан барша қазақстандықтарға мың алғыс айтамыз», дейді Фирдоуси ауылының тұрғыны Надир Фахруддин.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *