Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Сан-Мариномен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап берді.
— 90 минут ойнауға дайынсыз ба? Дайындығыңыз қалай?
— Иә, мен ойнауға дайынмын. Аздап қиындау, алайда алдағы ойында 90 минут тер төгуге дайынмын.
— Бельгиямен өткен ойыннан кейін қандай әсер қалды?
— Еуропаның ең мықты ұжымдарының біріне қарсы тұрдық. Өте жақсы қарсылас. Біз үшін мол тәжірибе. Футболшылар тырысып бақты. Енді Сан-Мариномен ойын туралы ойлаймыз.
Дереккөз: kff.kz