Облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласын газдандыру бойынша тиісті жұмыстар қызу жүріп жатыр. Бүгінде Отырыр мөлтек ауданы мен ХҚТУ тұрғын үй массиві аумағындағы ГРП-1,2,3 нысандарындағы газға қосылған үйлердің саны 130-ға жетіп отыр. Бұл жұмыстар мөлтек ауданын толығымен газдандырғанға дейін жалғасын табатын болады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше бүгінгі күнге Түркістан қаласында 42 000 тұрғын немесе 26% табиғи газбен қамтылған. Қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистралды газ құбырынан жүзеге асырылады. Яғни Түркістан қаласын газдандыру 11 кезеңмен жүзеге асырылатын болады деп жоспарланған. Көне шаһардағы жеке үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлерді газдандырудың 4-кезеңінің құрылысы 2019 жылы аяқталды. Көптен күткен халықтың арманы орындалды. Жұрт қыста күл шығарып қиналмайтындарына қуанды. Жалпы осы жұмыстардың нәтижесінде қала тұрғындарының 41% табиғи газбен қамтылды. Ауқымды шаруаның жалғасуына кедергі жоқ. Қорыта айтқанда Түркістан қаласында 42 мың тұрғын табиғи газбен қамтылды. Ал Түркістан қаласын толығымен газдандыру құрылысын 2020 жылдың соңына 100% аяқтау жоспарланып отыр.