Шымкентте мобильді жұмыспен қамту орталықтары төтенше жағдай кезінде 215 азаматты жұмысқа орналастырды

Шымкент қаласында 10 мобильді жұмыспен қамту орталығы «Атамекен» қолдау орталығы жұмысын бастады. Төтенше жағдайдың енгізілуімен және бүгінгі күнге дейін олар онлайн режимінде қызмет көрсетті. Барлық орталықтар адамдар көп шоғырланған жерлерде орналасқан.

«Атамекен» қолдау орталығы арқылы жұмысқа орналасу, тегін оқыту, бизнесті ашу бойынша ақпарат алуға болады, мұнда бос жұмыс орнын таңдауға немесе жаңа мамандық алуға көмектеседі. Мобильді жұмыспен қамту орталығында менеджерлер-кеңесшілер және жеке қабілетті дамыту кеңесшілері жүзеге асырады.

«Мобильді жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – жұмыспен қамту, қысқа мерзімді оқыту, жұмысын жоғалтқан және өз мамандығы бойынша жаңа жұмыс орнын таба алмаған халыққа кәсіптік бағдар беру және психологиялық қолдау бойынша қызметтер көрсету. Орталықтардағы менеджерлер өтініш білдірушілерді базаға тіркейді, кәсіпорын базасында өткізілетін «Еңбек» бағдарламасы бойынша оқуға жазады. Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер бизнес негіздерін оқытатын «Бастау Бизнес» жобасына қатыса алады», — деді Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Олжас Жансейітов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 14 наурызы мен 11 мамыры аралығында Шымкент қаласының мобильді жұмыспен қамту орталықтарына 13 119 адам кеңес алуға өтініш білдірген, олардың 332-і жұмысқа орналасуға жіберіліп, 215-і ресми жұмысқа орналастырылды.

Төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты 2020 жылдың 14 мамырынан бастап мобильді жұмыспен қамту орталықтары қалыпты жұмыс режиміне көшті. Жұмыс кестесі — 10-00-ден 18-00-ге дейін.

Мобильді жұмыспен қамту орталықтарының мекен-жайлары және байланыс телефондары:

  • 1) Айна базары — 8 708 777 95 17,
  • 2) Қырғы базары- 8 708 777 95 12,
  • 3) Автонұр базары- 8 708 777 95 21,
  • 4) Алаш базары- 8 708 777 95 20,
  • 5) Самал базары- 8 708 777 95 19,
  • 6) Атлант СО — 8 708 777 95 18,
  • 7) Hyperhouse СО — 8 708 777 95 16,
  • 8) ХҚКО (орталық) стадион — 8 708 777 95 15,
  • 9) Орталық саябақ — 8 708 777 95 14,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *