Түркістан облысы полицейлері 80 жастағы қарияның ауласынан 62 келіге жуық егілген «көкнәр» өсімдігін тапты. Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған өсімдік 50 қап болды. Одан бөлек, ауладағы тапшан үстінен мата қалташаға салынған, өзіне тән хош иісі бар айғақты заттар алынды. Күдікті қария өзінің қылмысын толық мойындап, өсімдіктерді жеке басына пайдалану үшін еккендігін көрсетті. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті 80 жастағы азамат бұрын осы тектес қылмысты жасап, 3-жылға сотты болған.
Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалды.