Шымкент қаласында ер азамат 37 жастағы әйелді үйіне қонаққа шақырып, мастықпен ұрып-соғып, зорлаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Оқиға 23 мамыр күні орын алған. Жәбірленушінің сіңілісі әпкесінің жағдайын айтып, белгілі құқық қорғаушы Дина Тансаридің көмегіне сүйенген.
Зорланған әйелдің ісін ПД басшысы өз бақылауына алды.
Ералы Жұмаханбетов:
Шымкент қаласы ПД басшысы
Жәбірленуші әйелді 25 мамыр күні таңертеңгі сағат 11-де өзім жеке қабылдадым. Сол кезде өзіне де әйелді зорлаған кез келген адам заң алдында тиісті жазасын алатынын айттым. Түптеп келгенде, бұл біздің – ол әйелдің алдындағы, оның отбасы алдындағы, жалпы азаматтар алдындағы борышымыз. Әйелге жасалған зорлық түбі – қатаң жазаға әкеп соғатынын әр адам түсінуі керек. Мысалы, ол біреудің анасы, қызы, апасы, я болмаса құрбысы боп келеді. Әйел зорлаған адам заң алдында тиісті жазасын алады.
Қазір осы қылмысқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу кезінде оның өз үйінде ішімдік ішіп, жәбірленушіні ұрып-соғып, артынша зорлағаны да белгілі болды. Мамандармен тиісті сараптамалар жасалып жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.