«КАНЕЛО» ГОЛОВКИНМЕН ӨТКІЗЕТІН ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚАТЫСТЫ КҮТПЕГЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) командасының қыркүйектегі жекпе-жектен бас тартатындығын жариялады.

«Мексика ұлы ретінде, мамыр және қыркүйек айларында елімнің намысын қорғау – мен үшін үлкен абырой. Бірақ, бірнеше салмақ санатындағы әлем чемпионы ретінде тартысты әрі қызықты жекпе-жектер өткізудің жауапкершілігін де сезінемін. Сондықтан Golden Boy және менің командам жекпе-жектің уақытын кейінге қалдырғанды жөн санадық – бұл фанаттарым үшін дұрыс шешім. Біз үздік қарсыласқа қарсы үздік жекпе-жек өткізгіміз келеді, — деп мәлімдеді «Канело».

Айта кетейік, 14 қыркүйек күні Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші рет жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *