18 шілде күні таңғы уақытта Алматы қаласында қоймадан өрт шықты деп хабарлайды www.zakon.kz.
Алматы қалалық ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова сөзінше, сағат 07:45-тер шамасында 101 номеріне Жетісу ауданы Омаров көшесі 12в/1 үйдегі қоймадан от шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 15 бірлік техникасы және 43 қызметкері тартылған.
Алдын ала мәлімет бойынша қоймада 200 тонна бояу және лак өнімдері бар.