РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ ПУТИННІҢ ОРНЫНА КІМ КЕЛЕДІ – BLOOMBERG НҰСҚАСЫ

Кезекті мерзімге қайта тағайындалу үшін Ресей президентіне Конституцияны өзгертуге тура келеді.
2024 жылы Владимир Путиннің президенттік өкілеттігінің мерзімі аяқталады. Конституция бойынша ол қайта тағайындала алмайды. Оны өзгертуге Путиннің құлқы жоқ. Себебі бұл наразылық электоратын өршітуі мүмкін.
Билікте қалудың тағы бір амалы — Президент креслосынан премьерлікке ауысу. Алайда алдымен премьер өкілеттігін арттырып алу қажет. Осы нұсқа іске асқан жағдайда президент кім болуы мүмкін?
Америкалық Bloomberg-тен асып, Владимир Путиннің болашағы үшін ешкім алаңдамайтын шығар. Соңғы 4 айда басылымда
Ресейдің қазіргі президенті билікті қалай сақтап қала алатыны жайлы сценарийлер
жазылған үш мақала жарияланды.
Биыл наурызда Bloomberg Мәскеуде талқыланып жатқан 3 нұсқаны атады.
Рокировка немесе одақтасу
Бірінші нұсқа — уақытпен тексерілген рокировка. 2008-2012 жылдары РФ президентіне Дмитрий Медведев тағайындалды. Бұл Путинге ресмилікті сақтауға мүмкіндік берді: үшінші мерзімге бармау, кейін қайта президент креслосына оралу.
Екінші нұсқа — Нұрсұлтан Назарбаевтың тәсіліне ұқсас. Президент лауазымынан кетеді, бірақ бұрын кең өкілеттілік берілген саяси органның (Қауіпсіздік Кеңесі сияқты) басшысы болып қалады.
Үшінші нұсқа – геосаяси. Ол бойынша
Одақтық мемлекет құру мақсатында Беларусьтің Ресейге қосылуы
Мұндай шартқа 1999 жылы қол қойылған болатын, алайда іс жүзінде орындалмай келеді. Бұл жағдайда Путин Ресей президенті ретінде емес, Одақ басшысы ретінде өкілеттігін жалғастырады.
Осылайша, ресейлік көшбасшы Конституцияны бұзбай, өзгертпей де билікте қала алады.
Bloomberg одақтасуға дайындық процестері жүріп жатыр деп, үшінші нұсқаға мамыр айында қайта оралды. Алайда, шамамен дәл сол кездері елдер арасындағы қарым-қатынастар шиеленісіп, интеграция туралы әңгіме тоқтады.
Қолдайтындар саны аз
Ресейде соңғы уақыттағы тағы бір саяси тренд — билік органдары рейтингтерінің төмендеуі. Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы мәліметтері бойынша, «Единая Россия» рейтингі 2006 жылдан бергі ең төменгі мәнге дейін төмендеді. Егер сайлау келесі жексенбіде өтетін болса, респонденттердің 32,2%-ы ғана билеуші партияға дауыс берер еді.
Биылғы күзде жергілікті заң шығару органдарына сайлау өтеді, кандидаттарды ұсыну қарқынды жүріп жатыр. Ең қызығы –
«Единая Россия» өкілдері партиялық тізім бойынша емес, өзін-өзі ұсынушылар ретінде дауысқа түседі
Яғни, олар сайлаушылар алдында қазіргі билік өкілдері ретінде емес, тәуелсіз кандидаттар ретінде сөз сөйлейді. Осылай жеңіске жету мүмкіндігі жоғары деп есептейді. Алайда, ұйымдастырылу жағынан бұл әлдеқайда қиын: мысалы, өзін-өзі ұсынушылар сайлау жарысына түсу үшін қол жинауы қажет.
Бір қызығы, мұндай тәжірибе тек Ресей аймақтарында емес, Мәскеуде де таралған.
Рейтингтің төмендеуімен бірдеңе істеу керектігін партия да түсінеді. Бір амалы — өңірлік бөлімшелер үшін KPI енгізу (тиімділіктің негізгі көрсеткіштері). Олар үш көрсеткіш бойынша бағаланады: өңірдегі партияның ағымдағы электоралды рейтингі, осы рейтингтің үш айдағы динамикасы және өңірде өткен сайлауда партияның нәтижелері.

Енді не істеу керек?
Сонымен, жетекші партияның рейтингі түскені сонша, депутаттыққа кандидаттар партия атынан шығуға да талпынбайды. Бұл баламалы партиялардың басымдық алып, барлық деңгейдегі заңнамалық органдарда көп орын алуларына жол ашады. Ал бұл қазіргі саяси жағдайға қауіпті. Енді не істеу керек?
Bloomberg-тің айтуынша,
Кремльде рейтингтер мәселесі мен Путиннің болашақ лауазымы мәселесін «кеңейтілген премьер» тәсілімен шешпекші
Өз дереккөздеріне сілтеме жасаған басылым, алғашқы қадамдар 2021 жылға қарай жасалуы мүмкін деп жазады. Дәл сол кезеңдерде мемлекеттік Думаға кезекті сайлау өтуі тиіс. Соңғы рет (2016) депутаттардың жартысын партиялық тізімдер бойынша, ал жартысын – бір мандатты округтер бойынша іріктеген. Ал келесіде, болжам бойынша, арақатынас бір мандатшылардың пайдасына 25-75%-ға өзгеретін болады.

Бұл нені өзгертеді?
Кремль «Единая Россия» рейтингінің құлдырауына қарамастан, төменгі палатада өкілеттігін сақтайды. Оның өкілдері өзін-өзі ұсынушылар ретінде тағайындалғанымен, іс жүзінде партиядағы әріптестерінің жұмысын атқарады. Бұл Путинге
президенттік өкілеттігінің үш жылында «жаңа Парламентті толық бақылауға алуға» мүмкіндік береді
Келесі қадам – Владимир Путинді «Единая Россия» партиясының басшысы қызметіне тағайындау. Қазір бұл лауазымды премьер-министр Дмитрий Медведев атқарып жүр. Маңызды өкілеттіктің бір бөлігі мемлекет басшысынан премьер-министрге беріледі. Ал, әрі қарай бәрі тайға таңба басқандай: 2024 жылы Путин билікті қазіргі Медведевтің билігінен де кеңейтіп, министрлер кабинетін басқаруына алады да, басым бөлігі өзі басқаратын партияның өкілдерінен құралған Думаны бақылайтын болады.

Путин болмаса, кім?
Осы жоспарларды іске асыруда оппозицияның әлсіздігі үлкен қолдау көрсетуі мүмкін. Путиннің және «Единая Россия» рейтингтері төмендегенімен, басқа саясаткерлер мен партияларда олар бұрыннан төмен. Оппоненттердің ешқайсысы зейнетақы реформасынан, ҚҚС-ны жоғарылатудан және басқа да шаралардан саяси пайда ала алмады.
Басқарушы партияның құлдырауын оппозиция өкілдері оң пайдалана алмады.
Әлеуметтік сауалнама мәліметтері бойынша, сайлауға барғысы келмейтін немесе бюллетенді бүлдіруге дайын ресейліктердің үлесі айтарлықтай өскен.
Екінші жағынан, бұл жағдай қолданыстағы биліктің болашағын қиындатады. Егер Путинді премьер-министр етіп қойса, президент кім болады? Дәл қазір ең көп дауыс жинай алатын саясаткер жоқтың қасы.
Медведевпен рокировка жасау бұл жолы іске аса қоймас
Соңғы мәліметтер бойынша, қазіргі премьерге респонденттердің 7,5%-ы ғана сенеді, айтарлықтай көп бөлігі — 23,1% сенімсіздік білдірген. Бұл ретте сауалнамаға қатысушылар саясаткерді өздері таңдаған. «Дмитрий Медведевке сенесіз бе?» деген тікелей сұраққа респонденттердің 58,6%-ы теріс жауап берген.

Белгісіз тұлға
Саясаттанушылардың пікірінше, мұндай жағдайда билікке қазіргі кезде аса танымал емес, алайда саяси білікті әрі тәжірибелі адам келуі мүмкін.
Осыған байланысты
Максим Орешкиннің аты жиі аталады
Жастығына қарамастан (36 жаста) ол 2,5 жыл бойы РФ Экономикалық даму министрі қызметін атқарып келеді және Путиннің ерекше бақылауында.
Орешкин бұған дейін Ресей президенті болу қызық болар еді деп мәлімдеген еді. Алайда «Президент деңгейіне жету айға жетумен бірдей» деп нақтылаған. Ол Орталық банктің басшысы Эльвира Набиуллинамен көптеген дауда өзінің саяси амбицияларын белсенді түрде көрсетіп қалды.
Шілдеде шенеунік Мәскеуден Тольятти қаласына (шамамен 1000 км) Lada XRay көлігімен сапарға шыққан. Жол бойында ол бірқатар қалаларды аралап, жергілікті тұрғындармен және шенеуніктермен кездесті. Сапардың ресми себебі — Тольятти қаласында өткізілетін іс-шаралардың біріне қатысу. Сондай-ақ федералдық трассаның жағдайы мен жүктелуін бағалау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *