Өзбекстанда екі қабат дүкен мен цехты сүрмекші болған хоким (әкім) орынбасары отқа оранды, деп хабарлайды Neonomad.kz Орта Азиялық жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға Өзбекстанның Қашқадыр облысы Яккабақ ауданында 20 шілде күні болған. Ғимаратты бұзу туралы бұйрық орындалмаған соң Құрылыс мәселелері жөніндегі хокимнің орынбасары Мансур Тумаев жиырмаға жуық полиция қызметкерлерімен бірге келіп, оталып тұрған бульдозерге өзі отырады. Оны көрген кәсіпкер дүкенді бұзбауды өтініп, оған ақшалай өтемақы төленбегенін айтқан. Бірақ бизнесменнің өтінішін құлағына ілмеген шенеунік мақсатын жүзеге асырмақ болған кезде, кәсіпкер оның үстіне бензин шашып, өртеп жіберген. Сол жердегі адамдар хоким орынбасарын құтқарып қалды, шенеунік қазір ауруханада.
Наразылық білдірген кәсіпкер тұтқынға алынды, ал оның ұлы мен әйелі милиция бөлімшесіне жеткізілген.
«Дүкен иесі оның банктегі үлкен несиесі бар екенін және ол ақшалай өтемақы алғанға дейін дүкенді бұзбайтынын айтты. Туймаев осыған ашуланып, дүкенді бұзу үшін бульдозерге мінді. Дүкен иесі оның бульдозерден түсуін өтінген әйтпесе ол оны өртеп жіберетінін айтқан. Бірақ орынбасар оны елемей көлікті жүргізбекші болған. Дүкен иесі оны көріп, Туймаевқа бензин шашып, сіріңке тұтатып, шенеуніктің үстіне лақтырған. Бір сәтте бульдозер кабинасынан өрт шықты, адамдар өртенген хоким орынбасарын құтқарып алды. Содан кейін оны ауруханаға жеткізді», – деді куәгерлердің бірі.
Тұрғындардың сөзінше, хоким орынбасары Мансур Түймаев бірнеше ай бойы аудандағы үйлер мен дүкендерді қиратуды әдетке алыпты. Төзім бітті, дейді жергілікті халық.
«Біздің көшелеріміз сүрілетін болды. Осы аудандағы үйлер мен дүкендер бұзылды. Бұл туралы ауызша ескерту сәуір айында жасалды. Бірақ олар заңда көзделген ережелерді елемеді және ешқандай өтемақы төлемейтіндерін де айтты. Бұл Туймаев аудан тұрғындарына басқа амал қалдырмады. Сенбі күні ол өзгерге экскаватормен келіп жүргізушіге жұмыс істеп тұрған жаңа екі қабатты дүкенді қиратуға бұйрық берді. Дүкенде барлық тауарлар тұрды, ал екінші қабатта тігін шеберханасында адамдар жұмыс істеді. Мұны көрген Бахриддин-ака, дүкен иесі ескерту жасады. Бірақ хоким орынбасары өзі бульдозерді жүргізіп, дүкенді бұзатынын жеткізді. Бахриддин ака бензинмен екі литрлік баклажканы алып, оны Туймаевке шашты. Содан кейін ол сіріңке тұтатып, оған лақтырды. Туймаев өртенді. Адамдар оны бульдозерден алып шығып, отты сөндіре бастады, ал Бахриддинді милицияны ұстады», – деді тікелей куәлардың бірі.
Аудан билігі, ішкі істер және прокуратура органдарының қызметкерлері оқиға 20 шілдеде болғанын растады. Аудандық прокуратура қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүргізіліп жатыр екен.