Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) келесі кездесуі алдында жаттығу лагерін бастады, — деп хабарлайды nur.kz сайты Vesti.kz ке сілтеме жасап.
Бұл Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен бірге өткізетін екінші жаттығу лагері болмақ. Ол Бэнкспен биылғы көктемнен бері жұмыс істеп келеді. «Демалыс аяқталды, жұмысқа оралатын сәт жетті», — деп жазды Головкин. Бұл жазбаға жаттығу лагері орналасқан Big Bear-ден (Калифорния штаты, АҚШ) фото қосты. Естеріңізге салсақ, Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты (19-0, 11 КО) нокаутпен жеңген болатын. Енді GGG-дің келесі қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) болады — боксшылар IBF титулын сарапқа салады. Бұған дейін Головкиннің осы аптада Нью-Йоркте баспасөз мәслихатын өткізетіні хабарланған, мұнда ол келесі жекпе-жегі жайлы ресми хабарлайды. Получить короткую ссылку Тегтер: АҚШ, Бокс, Головкин Геннадий, жекпе-жек, Нью-Йорк Тақырып бойынша сілтемелер: Головкинмен жекпе-жек күні мен орнын ресми жариялаған Деревянченко жазбасын өшіріп тастады «Бокс» айдарындағы басқа жаңалықтар : «Күтіңдер, келе жатырмын». Әлімханұлы «Канело» мен орта салмақ мықтыларын жекпе-жекке шақырды Әлімханұлы нокаутпен жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын нокаутқа түсірді Әлімханұлы АҚШ-тағы жекпе-жегіне қаза болған ресейлік боксшының құрметіне арнайы киіммен шығады Канадалық боксшы Борат жайлы әзілі үшін кешірім сұрады