Қыркүйектің басында Қазақстанның басым бөлігінде күн райының суытуы күтілуде деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеоорталықтың мәліметінше, Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауын-шашын мен күннің суалқындауын тудырып жатқан биік циклон алдағы үш тәулік бойы елдің батыс, солтүстік және орталық аймақтарына ықпал етеді.
«Циклонмен байланысты суық атмосфералық фронттар оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстар арқылы жылжиды», – делінген орталық хабарламасында.
Синоптиктердің болжамынша, елімізде найзағай соғып, жаңбыр жауады, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді, ал солтүстік бөлікте климаттық нормадан 3-6 градусқа төмен температура сақталады.
Қазақстанның батыс, солтүстік және орталығындағы жекелеген аудандарда түнгі мезгілде 1-3 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.
Сонымен қатар, мамандар екі облыста дауылды ескерту жариялады.
Осылайша, 3 қыркүйек күні түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жердің бетіне 1-3 градус аяз түсуі мүмкін.
Сондай-ақ 3 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай соғып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.