Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалуын қысқарту қажет екенін айтты. Мемлекет басшысы ол қаржы келешек ұрпаққа қалу тиіс деп ескертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалуын қысқарту қажет. Бұл – келешек ұрпақтың қаржысы.
Ұлттық қордың трансферттері бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды және жобаларды жүзеге асыру үшін ғана бөлінуі керек», — деді президент.
Кепілдендірілген трансферт көлемі 2022 жылдан бастап бірте-бірте 2 триллион теңгеге дейін азаюы тиіс.
«Қор қаржысын пайдаланудың анағұрлым тиімді инвестициялық саясатын жүргізген жөн. Үкіметке Ұлттық Банкпен бірлесіп, жыл соңына дейін Ұлттық қордың қаржысына иелік етуді жетілдіру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын» , — деп мәлімдеді Тоқаев.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін алғаш рет қазақстандықтарға жолдауын жолдады.